15 мамыр — жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

15 мамыр күні  мектебімізде «Білімді ұлт — білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібінде- Мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру;  2017-2018 оқу жылының нәтижесі; 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары; Мектептің қамқоршылық кеңестің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс- қимылын күшейту; Демалыс кезіндегі құқық бұзушылықты алдын-алу және мектеп бітіру іс-шараларының мәселелері қарастырылды. Жиналысқа Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары  Кужумов Арыстан Баяхметұлы  мен 100 ата-ана қатысты.

Дата публикации: 15.05.2018